Павлодарлық спортшылар батутта синхронды секіруден үздік атанды

Павлодарлық спортшылар батутта синхронды секіруден үздік атанды
Фото: pexels.com/Tima Miroshnichenko

Астанада батуттық гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жарысқа елдің 9 облысынан спортшылар қатысты. Павлодар облысының намысын жеті спортшы қорғады.

Егор Белюсенко және Дмитрий Славин батутта синхронды секіруден 1-орын алды, сондай-ақ, соңғысы жеке секіруден 2-орын алды. Софья Долгополова  батутта секіруден және қос минитрампта секіруден 1-орын, батутта синхронды секіруден 1-орын Сұңқар Саун батутта синхронды секіруден 3-орын, Ангелина Глухова - батутта секіруден 3-орын және батутта синхронды секіруден 3-орын, Ксения Миронова - акробатикалық жолда секіруден 2-орын және қос минитрампта секіруден 2-орын, Алина Джамалова - акробатикалық жолда секіруден 3-орын алды.

29 қыркүйегі мен 6 қазан аралығында Баку қаласында батуттық гимнастикадан ТМД ойындары өтеді. Оған Ангелина Глухова қатысады.

11-17 қараша аралығында Памплона қаласында өтетін батуттық гимнастикадан Әлем біріншілігі, бұл жарыстарға Софья Долгополова, Егор Белюсенко, Дмитрий Славин, Сұңқар Саун, Александра Степанковская дайындалуда.