Павлодарлық тротуарларда жаңа реагент себіледі

Павлодарлық тротуарларда жаңа реагент себіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол экологиялық тұрғыдан қауіпсіз болып саналады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы қала әкімі Хасар Хабылбеков өзінің Instagram парақшасында мәлім етті. Ол облыс орталығының жолдар мен тротуарларда көктайғақпен күресу үшін мердігерлердің әзірлеген инертті материалдар қорын тексерді.

– Биыл қыста ерекше қауіпті аумақтарда құммен қатар экологиялық тұрғыдан қауіпсіз, өзін жақсы көрсеткен жаңа реагент қолданылатын болады,– деп жазды Хасар Хабылбеков.

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша ТҮКШ бөлімі қыс мезгілінде тазарту жұмыстарын ұйымдастыру процесін қайта қарастырды. Алдыңғы жылдары алдымен магистральді көшелер тазартылып, содан кейін жаяу жүргіншілер жолағы мен аулаларға апаратын жолдар тазаланған болатын.

– Енді негізгі міндет – қаланың барлық аумағында жолдарды, жаяу жүргіншілер жолақтарын және аулаларды тазарту жұмыстарын бір уақытта жүргізу. Ол үшін барлық техника мен адам ресурстарын біркелкі үлестіру қажет,– деді қала әкімі. 

Әрбір учаске үшін қарамағымдағы жауапты қызметкерлер бекітілді. Олар қар тазалау сапасына жеке жауап береді. Хасар Хабылбеков қысқы уақытта павлодарлықтардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін мердігерлердің жұмысын тұрақты түрде тексеретін болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)