Павлодарлық жас туристер Зерендіге дейін жаяу экскурсияға шықты

Павлодарлық жас туристер Зерендіге дейін жаяу экскурсияға шықты
Фото: Павлодар қалалық білім беру бөлімі

Бес күндік жаяу экскурсия Солтүстік Қазақстан облысының Шалқар ауылынан бастау алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Сабақ бағдарламасына сәйкес Павлодар қаласы білім беру бөлімі балалар-жасөспірімдер экология туризм орталығынан 23 жас турист Сергей Агалаков, Ирина Ридзаускайте және Владислав Ридзаускайтенің жетекшілігімен қиындықтың бірінші санатына жататын республикалық жаяу экскурсияға қатысты. 

Экскурсия Ақмола облысының Зеренді ауылында аяқталды.

Жаяу серуендеу тауға шығу сияқты емес. Тауда көбінесе жоғары немесе төмен жүресіз, әртүрлі бұлшықет жұмыс істейді. Ал мұнда үнемі түзу қатты асфальтпен, ұсақ тастармен жүрді. Алғашқы күндері 25-тен 35 шақырымға дейін жүрсе, қалған 12 шақырымды екі жарым сағатта өттік, – дейді Ш.Шөкин атындағы гимназия-мектебінің  сегізінші сынып оқушысы, жас турист Валерия Ридзаускайте.

Қатысушыларға оқу жылы бойы жарыстарда қол жеткізген бәсекелестік артықшылығын растау үшін кубок ұпайларына арналған 103 шақырымды бағындыру туралы нақты мақсат қойылды. Павлодарлық жас туристердің жүру қарқыны Шалқар ауылынан Лобаново, Имантау, Белый, Красный Кордон көлдерінің бойымен Үлгілі шатқалынан Зеренді ауылына дейін 4,2-4,6 км құрады.

Жетекшілер жаяу жүру бойынша төрт деген баға беріп отыр. Бірақ мақсат орындалып, оқушылар жаяу жүргіншілер туризмі дағдыларын игере алғандарын атап өтті.