Павлодарлық жасылелдіктер жалғызбасты тұрғындарға көмектесуде
«Жасыл ел» жасағының құрамында 2 мыңнан астам адам жұмыс істейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының жастар және отбасы істері жөніндегі бөлімінің бас маманы
– «Жасыл ел» отряды экологиялық істерден бөлек, қайырымдылық істерін де атқаруда. Мәселен, қаладағы жалғызбасты тұрғындарға көмектесуде. Олардың үйлерін, аулаларын тазалап, бақша отырғызуға көмектесуде. Бұл акция барысында 14 жалғызбасты тұрғынға қол ұшын созған, – дейді Азат Қабышев.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда облыс бойынша жасылелдіктер қатарында 2100 жұмысшы бар. Сондай-ақ қосымша 1000-нан астам өтініш қабылданған. Бүгінгі таңда әлі де бос жұмыс орындары бар. Еңбек жасағы қатарында 16 жастан асқан тұрғындар да қызмет атқара алады, алайда құрылыс жұмыстарына 18 жастан асқан жастар ғана қабылданады.
– Отряд құрамындағы бөлімшелердің әрқайсысы командирдің бақылауында болады. Командирдің қызметі – жұмысшылардың қауіпсіздігі мен тәртібі. Жұмысқа қабылданған барлық жастар арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Қатысушыларға облыстық бюджеттен 35 мың теңге төленеді, екінші бөлігін жұмыс берушілер төлейді. Еңбек маусымы сәуірден қарашаға дейін созылады, – дейді Азат Қабышев.
Айта кетейік, 18 жыл ішінде «Жасыл ел» отрядында 30 мыңнан астам жұмысшы қызмет атқарған.