Павлодарлық жастар қарттарға азық-түлік себеттерін сыйлады
Еріктілер мен жастар бастамаларын дамыту орталығы қызметкерлері аға буынды қуантуды жалғастыруда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Еріктілер Қарттар күніне арналған «Ulkenge Kurmet» жобасы аясында жалғызбасты қарт адамдар үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
– 20 азық-түлік себеті шынайы қамқорлықпен және құрметпен табысталды. Өйткені, қазыналы қарттарымызға көңіл бөлу және мейірімділік таныту маңызды, – дейді Жастар бастамаларын дамыту орталығында.
Павлодарлық еріктілер өз іс-әрекеттерімен аға буынды қолдау, олардың еңбегін құрметтеу және әркімнің әл-ауқатына қамқорлық жасау қаншалықты маңызды екенін көрсетті.