Павлодарлық жастардың шығармашылығы халықаралық конференцияда бағаланды
Байқауға мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледждің мәлімдеуінше, 23 ақпан күні оқу орнының алаңында «Жеке тұлғаның және қоғамның шығармашылық әлеуетін дамыту» шет тіліндегі он бірінші ғылыми-тәжірибелік конференция қашықтықтан өткізілді.
– Іс-шараны Павлодар облысының білім басқармасы ұйымдастырды. Конференцияға Қазақстан Республикасы облыстарынан, Ресей Федерациясынан және Беларусь Республикасынан 160-тан астам мектеп және колледж студенттері қатысты. Байқауға қатысушылардың жұмысын жоғары оқу орындарының өкілдері бағалады, – делінген хабарламада.
Конференция материалдары электронды жинақта жарияланады. Барлық қатысушыларға сертификаттар, ал жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.