2 қазанда Павлодар облысында жаңбыр жауады

2 қазанда Павлодар облысында жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +4...+9°C болады. Облыстың орталығында аздаған жаңбыр жауады. Батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауады. Шығысында тұман түседі.

Күндіз ауа температурасы +17...+22°C, облыстың солтүстігінде +13°C болады. Батысы, оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады.

Павлодарда түнде ауа температурасы +5...+7°C болады. Аспанды бұлт торлап, аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +19...+21°C, құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз.