Павлодарлық жедел уәкілдер зейнеткерлерді алдаған күдікті топты ұстады

Павлодарлық жедел уәкілдер зейнеткерлерді алдаған күдікті топты ұстады

Егде жастағы 30-ға жуық тұрғын алаяқтық бойынша шағымданды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Polisia.kz мәлімдеуінше, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікті  қылмыстық топ ұсталды.

- Олар 19-21 жас аралығындағы Павлодар қаласының төрт тұрғыны болып шықты. Қазір жастардың алты алаяқтыққа қатысы анықталып, алдау арқылы зейнеткерлерден шамамен 25 млн теңге қаражат иеленген. Ұсталғандардан 3 млн 900 мың теңге тәркіленді. Олар екі жәбірленушіге қайтарылды, - деді облыстық полиция департаментінің КПБ бастығы Балтабай Қапаров.

ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екеуіне қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы, тағы екеуіне ешқайда кетпеу туралы жазылым түріндегі бұлтарпау шаралары таңдалды. Олардың осыған ұқсас қылмстарға қатысы бар жоғы тексерілуде.⠀