Павлодарлық жедел жәрдем станциясы 2025 жылды қалай қарсы алды?
Өткен жылдардағы статистикадан басты айырмашылық – отшашудан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жаңа жылдық демалыс күндері адамдарға жедел жәрдемнің көмегі қажет болатын ауыр улану, күйік, сынық жағдайлары болған жоқ. Бірақ тәулігіне бригадалар 1100-1300 қоңырауды пысықтады – бұл әдеттегіден бір жарым есе көп. Дәрігерлер жүктеменің өсуін вирустық инфекциялармен байланыстырады. Облыс тұрғындарының басым қоңыраулар бөлігі – вирустық аурулар болды. Мекенжайға шығулардан басқа, «103» диспетчерлері телефон арқылы кеңес берді.
Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы басшысының емдеу бөлімі жөніндегі орынбасары Ирина Мищенконың сөзінше, мереке күндері 13 адам 16 жол-көлік апатында зардап шекті, тағы екеуі биіктіктен құлап, 13 адам көміртегі тотығымен уланды. Олар уақытылы медициналық көмек алды, зардап шеккендер ауруханаларға жатқызылды.
– Биыл отшашулармен байланысты қоңыраулар тіркелген жоқ, – деді ол. – Адамдар сертификатталған пиротехникалық құралдарды сатып алады немесе оларды қолдануды үйренген болар.
Павлодарда күн сайын 30 бригада шығып, жұмыс істеді, ал облыс бойынша барлығы 220-дан астам дәрігер қызмет атқарды.
– Биыл 40 жүкті әйел мен босанған әйел жедел жәрдем көмегіне жүгінді. Олардың бір бөлігі ауруханаларға жеткізілді және олар сәбилерін аман-есен босанды, басқасы амбулаториялық емделуге жіберілді, – дейді Ирина Мищенко.
Бригадалар инфаркт болған науқастарды, оның ішінде аудан тұрғындарын Павлодар кардио орталығына тасымалдады. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жедел жәрдем бригадалары әдеттегідей жұмыс істеді.
Қалалық жедел жәрдем станцияларында бейінді бригадалар бар: шок, кардиологиялық, педиатриялық және т.б. Сондай-ақ, акушерлік бригада да бар. Олар жүкті әйелдерді үйде босандыру, оларға қатысты төтенше жағдайларда қызмет көрсетеді.
Барлық медицина қызметкерлері халықаралық стандарттар бойынша – базалық және кеңейтілген реанимация, балалар реанимациясы, неонатологиялық медициналық көмек көрсетеді. Барлық жүргізушілерде қиын жағдайларда қауіпсіз жүргізу және негізгі реанимацияны көрсету сертификаты бар, ал диспетчерлердің фельдшерлік білімі бар.
Жедел жәрдем сапарының жолдағы уақыты қоңыраулардың жеделдігі санатына байланысты бөлінеді. Бірінші санат 10 минутқа дейін, екіншісі – 15, үшінші – 30, төртінші – 60 минутқа дейін болады.