Павлодарлық ЖЭО-2 отын тасымалдау техникасын жаңартуда

Павлодарлық ЖЭО-2 отын тасымалдау техникасын жаңартуда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл жұмыстар станцияның қысқы кезеңге толық дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ЖЭО-2 станциясы 2025–2026 жылдардағы жылу беру маусымына қызу дайындықты жүргізуде. Кәсіпорынның отын-көлік цехының қызметкерлері қысқы кезеңде станцияға көмірдің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету мақсатында арнайы техникаға жоспарлы техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Энергетиктер бірқатар маңызды жұмыстарды орындап жатыр. 

Б-10 бульдозері орташа жөндеуден, соның ішінде қозғалтқышы күрделі жөндеуден өтті. Қазіргі уақытта оның толық жұмысқа қабілеттілігін тексеру үшін қажетті сынақтар жүргізілуде. Сонымен қатар Б-10 және СД-16 бульдозерлеріне ағымдағы техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізілуде. СД-16 бульдозеріне жаңа қозғалтқыш орнатылады, оған қажетті жабдықтар сатып алынып, орнату алдында тексеруден өтуде, – деді «Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметі.

ЖЭО-2 отын-көлік цехының бастығы Андрей Спиридоновтың айтуынша, бульдозерлер станцияға отын жеткізуде негізгі рөл атқарады. 

Биылғы жылы SD-26 маркалы жаңа бульдозер сатып алынады, бұл көмір қоймасының тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, жылу беру маусымынан сәтті өтуге мүмкіндік береді, – деді ол.

Бұл жұмыстар станцияның қысқы кезеңге толықтай дайын болуын және қала тұрғындарын жылумен үздіксіз қамтамасыз етуін қамтамасыз етеді.