Павлодарлық актерлер қорқынышты қалай жеңуге болатынын көрсетті
Театр сахнасында түрік авторының пьесасы бойынша спектакль өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Тунжер Джудженоглу өз пьесасында табиғи апат алдындағы қорқынышты жеңіп, жауапкершілікті алу арқылы жеке бақыт үшін күресуге қалай күш табуға болатыны туралы ой елегінен өткізеді. Жазушы жеке адамның немесе отбасының ғана емес, күллі адамзаттың тағдырына алаңдайды. Оның шығармасы бойынша А. П. Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театрында «Көшкін» премьерасы ұсынылды. Жаңа сахналық жұмыстың режиссері – Алексей Мельников.
«Көшкін» 2024 жылдың алғашқы және 79 театр маусымының үшінші премьерасы атанды. Осыған дейін «чеховтар» павлодарлықтарға «Махаббат пен көгершіндер», «Жартылай ақылды Джурден» комедиялық қойылымдарын көрсетіп, өткен маусымдардың спектакльдерін ұсынды.
«Көшкін» авторы Тунжер Джудженоглу кейде «түрік Чеховы» деп аталады. Оның екі актілі астарлы драмасы 2001 жылы жазылған.
– Пьеса мазмұны жағынан да, құрылымы жағынан да өте күрделі, – деді театрдың директоры және көркемдік жетекшісі Виктор Аввакумов. – Әр театр оны өз репертуарына орындаушыларсыз ала алмайды. Біз қабылдадық, Бізде осындай күрделі шығарманы ойнай алатын актерлер болғандықтан, аталмыш шығарманы таңдадық. Спектакль өміріміз, қорқыныштарымыз, алалаушылықтарымыз туралы. Адамдардың ләззат алып, еркін, бақытты сезіну үшін қорқыныштарын қалай жеңу керектігін үйретеді.
Сондай-ақ, көріністе сахналық жарықтандыру сәтті болды. Бұл – осы қойылымның ғана емес, сонымен қатар көптеген басқалардың айрықша ерекшелігі. Алайда музыкалық сүйемелдеуі жеткіліксіз болды. Бәлкім аталмыш жанр музыкалық эксперименттерге тиісті атмосфера мен көрермендердің көңіл күйін құруға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, кейбір көрермендер Денис Шмигельдің талантты ойынын атап өтті. Дегенмен әртіс сахнада ұйықтап жатқан адамды сомдаған. Халима Хазиева мен жас актер Богдан Матыскин көрермендерді ойындарымен қуантты. Осы әртістерден басқа спектакльге Татьяна Кияшко, Роман Прохоров, Максим Төреев, Руслан Буланов, Фархад Камзин және басқалар қатысты.
Алдағы уақытта «Көшкін» спектаклі 15 наурызда сахналанады.