Павлодарлықтарға фтизиатрлар тегін кеңес береді
Қабылдау кезінде бетперде режимін сақтау міндетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облыстық фтизиопульмонология орталығында 15 наурызға дейін ашық апталық өтеді.
Денсаулығын тексертуге ниетте тұрғындар сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін (түскі ас сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін) тегін флюорографиялық тексеруден өтіп, консультативтік-диагностикалық бөлімнің фтизиатрларынан кеңес ала алады. Өзіңізбен бірге жеке куәлік болуы керек.
Айта кету керек, үнемі флюорографиялық тексеру туберкулезді және басқа өкпе ауруларын дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.