Павлодарлықтар 2024 жылы МӘМС үшін қанша төлейді?
Келесі жылдың қаңтарынан бастап бірыңғай жиынтық төлем болмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
МӘМС жарналары мен аударымдары бойынша ставкалар өзгеріссіз қалады. Бірақ базалық есептік көрсеткіштің – ең төменгі жалақының (ЕТЖ) жаңа мөлшерлерінің бекітілуіне байланысты төлем сомалары өзгереді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры болжау басқармасының басшысы Ақтолқын Сұлтанова төлеушілердің барлық санаттары бойынша түсінік берді.
Жұмыс берушілер қызметкер үшін жалақының 3% мөлшерінде аударымдар жүргізеді, бұл ретте салық салынатын ай сайынғы табыс 25 500 теңгеден аспауы тиіс. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарты негізінде қызмет көрсететін жалдамалы жұмыскерлер МӘМС-ке ай сайынғы табысының 2% мөлшерінде жарна төлейді. Салық салу объектісі барлық жұмыс орындарынан айына 17 000 теңгеден аспауы керек.
Келесі жылы бірыңғай жиынтық төлем болмайды. Сондықтан да өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәртебені екі жолмен ала алады – жеке кәсіпкер ретінде тіркелу, жарналарды ЖК ретінде және жарналарды дербес төлеуші ретінде төлеу.
2024 жылы бірыңғай төлем мөлшерлемесі еңбекақы төлеу қорының 21,5% құрайды. Бірыңғай төлемді ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей мемлекеттік корпорацияның шотына бір төлеммен жүргізіледі.
Айта кетейік, мемлекет 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін жарналарды төлеуді жалғастыруда. Келесі жылы мемлекеттің бір азаматқа төленетін жарнасы айына 5852,63 теңгені құрайды.
Төлемді екінші деңгейдегі банктің кез келген бөлімшесі, «Қазпошта» АҚ, Kaspi.kz, HalykBank мобильді қосымшалары арқылы, сонымен бірге Касса 24 және Qiwi әмиян өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы аударуға болады.