Павлодарлықтар 9 мамырда өтетін онлайн-шеруге қатыса алады
Ниеттілер Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы өз тарихын жариялап, бөлісе алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Биыл Павлодар көшелерінде ғана емес, бүкіл республика бойынша Жеңіс шеруі өтпейді. Есесіне онлайн режимінде "Ер есімі – ел есінде" патриоттық шеруі өтеді.
- Еліміздің әрбір тұрғыны Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы өз тарихын жариялап, бөлісе алады. Ардагерлер туралы ұсынылған ақпаратта аты - жөні, туған жері мен жылы, әскери атағы, соғыстағыахіктері туралы толық мәліметтер және фотосуреттер көрсетілуі тиіс. Бұл патриоттық шеру қазақстандық батырлар туралы барлық ақпаратты жинақтауға және қазақстандықтардың патриоттық сезімдері мен моральдық рухын нығайтуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.
Ардагерлер туралы мәліметтер https://batyrlargatagzym.el.kz жиналады. Өтінімді толтыру үшін жіберушінің аты - жөнін, ТАӘ, әскери шені және ҰОС қатысушысының атағын көрсету қажет. Туыстарына ардагердің суретін қоса беру ұсынылады.
Әзірге платформада Ұлы Отан соғысының жүз қатысушысы туралы мәлімет орналастырылған.