Павлодарлықтар «Баршаның назарына!» сигналы бойынша қандай іс-әрекеттер жасауы тиіс?
Бұл сигнал төтенше жағдайлар туындау қатері төнген кезде немесе туындаған кезде беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы халықтың назарын аудару үшін дабылдамалар немесе басқа да сигнал беру құралдары арқылы берілетін құлақтандырудың бірыңғай сигналы.
Осы сигналды естіген кезде:
- әрбір әрекеттерді қоя тұру керек;
- теледидарды, радиоқабылдағышты немесе радиотрансляциялық желі репродукторын қосу;
- жолданған хабарламаны мұқият тындау;
- тез, бірақ тәртіпті сақтай отырып, әбігерсіз және үрейсіз, қабылданған нұсқаулықтарға сәйкес әрекет ету;
- уақыт болған жағдайда қабылдаған ақпарат туралы жақындарға, достарға, көршілерге, әріптестерге хабарлау қажет.