Павлодарлықтар мессенджерлерде жалған ақпарат алуда

Павлодарлықтар мессенджерлерде жалған ақпарат алуда
Фото: pixabay.com

Министрлік тек ресми көздердегі ақпаратты қолдануды сұрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде министрлік балаларға арналған бірыңғай жәрдемақы енгізетіні туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат таратылуда.

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде дауыстық хабарламалар мен бейнероликтер арқылы балалы отбасылардағы әрбір балаға 2024 жылғы шілдеден бастап 70 мың теңге мөлшерінде бірыңғай жәрдемақы енгізілетіні туралы жалған ақпарат таратылуда. Бұл ақпарат жалған, – дейді баспасөз қызметі.

Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.