Павлодарлықтар сайлауға белсенді қатысуда
Барлығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтіп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы аймақтық «Дауыс» коалициясының жетекшісі Алма Қозыбаева мәлімдеді.
– Сағат 11:40-тағы жағдай бойынша дауыс беру деңгейі өте жақсы деп бағалануда. Павлодар қаласының тұрғындары референдумға белсенді түрде қатысып жатыр. Бұл сайлаушылардың жүзінен анық көрініп тұр, - деді ол.
Сонымен қатар, Алма Қозыбаева барлық учаскедегі жұмыстар қолданыстағы заңнамаға сәйкес қалыпты режимде өтіп жатырқанын атап өтті. Науқан коалициясы мүшелері мен қоғамдық бірлестіктерден сайланған комиссия мүшелерінің жіті бақылауында. Сайлау тұрақты қарқынмен жүріп жатыр.
Айта кетелік, өңірдегі 500-ден астам учаскелік комиссияларда 1500-ден астам бақылаушы жұмыс істеуде.