Павлодарлықтар туу туралы куәліктерді «Kaspi» арқылы ала алады

Павлодарлықтар туу туралы куәліктерді «Kaspi» арқылы ала алады
Фото: gov.kz

2025 жылы АХАТ органдары берген электрондық құжаттар бойынша электрондық апостильді қолдануды дамыту жоспарлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің мәліметінше, «Kaspi Bank» АҚ постаматтары арқылы азаматтарға туу туралы куәлікті жеткізу бойынша пилоттық жоба іске қосылады. Бұл жаңашылдық азаматтарға ХҚКО-ға бармай-ақ құжат алуға мүмкіндік береді.  

Сонымен қатар, АХАТ органдары берген туу, қайтыс болу, некені қию және бұзу туралы куәліктер мен анықтамаларға электрондық апостиль қоюды дамыту жоспарланған. Бұл азаматтарға құжаттарды бір өтінішпен алуға және апостиль қоюға мүмкіндік береді.  

Қызметтің 2025 жылдың төртінші тоқсанында қолжетімді болуы күтілуде.  

Аталған бастамалар мемлекеттік қызметтерді цифрландыру деңгейін арттыруға және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған.