Павлодарлықтар заң қызметкерлері мен мемлекеттік органдар өкілдерінен тегін кеңес ала алады

Қазақстанда «Халық заңгері» акциясы өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2025 жылғы 30 мамырда бір мезгілде Қазақстан Республикасының барлық қалаларында «Халық заңгері» ауқымды жалпыреспубликалық акциясы өтеді. Заңгерлер, адвокаттар және мемлекеттік органдардың өкілдері тұрғындардың қызықтыратын сұрақтарына жауап береді, білікті ұсыныстар береді және заң тұрғысынан көмектеседі.
Құқықтық көмекке мұқтаж барлық адамдар Ломов көшесі, 38 мекенжайында орналасқан Жастар бастамаларын дамыту орталығына бара алады. Басталуы 16:00-де.
«Халық заңгері» акциясы ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша өткізіледі.
Оған Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі, тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімі, тұрғын үй қатынастары бөлімі, экономика және қаржы бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, жер қатынастары бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімі, құрылыс бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі өкілдері қатысады.