Павлодарлықтар зейнеткерлікке дейінгі төлемнен бас тарта ала ма?
Бұл төлем осы жылдың басынан бастап зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды арттыру мақсатында енгізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «БЖЗҚ» АҚ облыстық филиалының директоры Владимир Питраков мәлім етті.
– Біз ірі кәсіпорындармен жұмыскерлерге міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуға құқығы бар және зейнеткерлікке дейінгі төлемдерді алу құқығына ие болатындар туралы ақпарат беру бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатырмыз,– дейді Владимир Питраков.
Қызметкерлер еңбек жағдайына, жалақысына қанағаттанса және қызметін ауыстыруға ниеттенбесе, ол мұндай төлемнен бас тарта алады.
Жалпы, экономиканың 19 саласының қызметкерлеріне арнаулы әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың бірнеше шарттары бар. Адам кемінде 55 жаста болуы, жеті жыл және одан да көп міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуі және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеуден бас тартуы немесе «зиянсыз» жұмысқа ауысуы тиіс.