16 жасқа толған павлодарлықтар куәлік рәсімдегенде нені білу керек?

16 жасқа толған павлодарлықтар куәлік рәсімдегенде нені білу керек?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жеке куәлік 10 жылға беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалында, 16 жасқа толған жасөспірімдер жеке куәлік алуға барғанда өзімен бірге туу туралы куәлік алу керек екенін ескертеді. ХҚКО-ға жүгінген кезде ата-анасының біреуінде жеке куәлігі болуы шарт. 

– Сондай-ақ 0,2 АЕК мөлшерінде мемлекеттік бажды төлеу қажет – 2024 жылы бұл 738 теңгені құрайды. Егер клиенттің паспорты болса, онда ол осы құжатты өз еркімен ұсына алады. Құжатты рәсімдеу кезінде баланың болуы міндетті болып табылады, – деп нақтылады филиалда. 

Басқа елдің азаматтығы бар ата-аналардан ХҚКО қызметкерлері баланың ҚР азаматының жеке басын куәландыратын құжатты алуына шетелдіктің келісімін растайтын нотариалды куәландырылған өтінішті талап етеді. 

– Жеке куәлік 10 жылға беріледі және жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін ауыстырылады. Егер азамат ауыстыруға кешігіп қалса, оған 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, – делінген хабарламада. 

Естеріңізге сала кетейік, ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдар, Кеңес Одағы мен Социалистік Еңбек батырлары, үшінші дәрежелі даңқ және үшінші дәрежелі Еңбек даңқы ордендерінің иегерлері, «Алтын қыран», «Отан», сондай-ақ «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған қазақстандықтар , «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар, жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, балалар үйлерінде және (немесе) интернаттарда тұратын, Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар, барлық топтағы мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі жеке куәлік дайындағаны үшін мемлекеттік баж төлеуден босатылады.