Павлодарлықтардың ең үздік фотолары билбордтарға ілінеді
Қала күніне орай тұрғындар фотосуреттер байқауына қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
Павлодар қалалық ішкі саясат бөлімінде «Менің сүйікті қалам» атты қалалық фотосуреттер байқауы жарияланғаны туралы хабарлады.
– Фотоконкурсқа ұсынылған фотожұмыстар конкурсқа қойылатын талаптарға қатаң сәйкес келуі тиіс. Конкурсқа қатысушыға тиесілі емес, Интернет желісінен жүктелген суреттерді пайдалануға тыйым салынады, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, фотосуреттердің өлшемі – 1920x1080 төмен емес, жоғары сапалы 1080p Full HD болуы қажет.
Конкурсқа өтінімдерді 12 шілдеден бастап қабылдайды. Кәсіби және әуесқой фотографтар өтінімді kense.ovp.ap@pavlodar.gov.kz электрондық поштасына жолдау қажет.
Жеңімпаздардың суреттері қаладағы билбордарға орналастырылады.
- Байқау бірнеше номинациялар бойынша өткізіледі:
- «Менің сүйікті қалам» (қаланың тарихи орындары, күндізгі немесе түнгі уақыттағы қаланың көрікті жерлері);
- «Стрит фото» (қоғамдық орындарда түсірілген фотосурет);
- «Ертіс пейзаждары» (пейзаждар, флора және фауна бейнеленген жұмыстар; күндізгі немесе түнгі уақытта түсірілген).
Фотосуреттерді жақсарту мақсатында түстерді, контрасты, айқындылықты, қиюды фоторедакторда өңдеуге болады.
Байқау қорытындылары 18 шілде күні @ovp_pavlodar Instagram аккаунтында жарияланады.
Фото: Константин Шелков