Павлодарлықтарды қоғамдық қабылдауға қатысуға шақырады
Тұтынушылардың сұрақтары бойынша кеңес беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР сауда және интеграция министрлігінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше, 8 сәуірде күні Ак.Сәтбаев көшесі, 49 мекенжайындағы Павлодар облысының әкімдігінде «МИР»медиация және құқық орталығы» қоғамдық бірлестігінің қатысуымен тұтынушылардың өтініштерін қарау бойынша қоғамдық қабылдау ұйымдастырылады.