Павлодарлықтарды кең таралып жатқан интернет алаяқтықтан сақ болуға шақырады
Алаяқтар ЖШС-ті тіркеудің жеңілдетілген рәсімі арқылы жалған кәсіпкерлік қызметті ұсынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті алаяқтықтың ең көп таралып жатқан қауіпті түрі – интернет-алаяқтықтың үрдісі туралы ескертеді.
– Жеке кәсіпкерді, ЖШС-ті тіркеудің, банктік шоттарды ашудың жеңілдетілген рәсімі алаяқтардың үлкен қызығушылығын тудырады. Олар әлеуметтік желіледе әртүрлі сылтаулармен азаматтарға ақылы түрде жеке кәсіпкерді, ЖШС-ні мемлекеттік кірістер органдарында тіркеуді, банктік шот ашуды ұсынады, осылайша кәсіпкерлік қызметке еліктейді, – деді департаментте.
Алаяқтар әртүрлі тауарлар мен қызметтерді сататын жалған интернет-дүкендер жасайды. Олар өздерін кәсіпкер ретінде көрсете отырып, мәміле туралы уағдаласқан кезде қашықтан төлемшоттарын ұсынады. Сол себептен бұл ақша аударымы кезінде күмән тудырмайды.
– Осыған байланысты сіздерді жеке деректерге, электрондық кілттерге және басқа да құжаттарға ие болып, бөгде адамдар пайдаланбау үшін таратпауға шақырамыз,– деді департаментте.
Жоғарыда көрсетілген әрекеттер үшін ҚР ҚК-нің 190 және 28-баптарына сәйкес айыппұл түріндегі, түзеу жұмыстарына тартылу, не бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.