Қаруды қауіпсіз қолдану: Павлодарда №46 мекемесінде оқу-жаттығу өтті

Макаров пистолетін құрастыру және бөлшектеу бойынша сабақ қызметкерлердің кәсіби даярлығын арттыру және қауіпсіздік деңгейін жоғарылатуға бағытталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс бойынша ҚАЖ департаментінің мәліметінше, мекеменің кәсіби, қызметтік және физикалық дайындық бойынша инспекторы қызметкерлерге атыс қаруымен жұмыс істеудің негізгі қағидаларын түсіндіріп, Макаров пистолетінің құрылымы мен техникалық сипаттамалары туралы толық ақпарат берді. Оның айтуынша, бұл қару құқық қорғау органдарында ең жиі қолданылатын қару түрлерінің бірі болып табылады.
Сабақ барысында қаруды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударылды. Қызметкерлерге пистолеттің құрылымы, оны дұрыс пайдалану әдістері мен оқ-дәрілермен жұмыс істеу тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, қаруды қолдану заңдылығы мен оның шекті жағдайларда қолданылу ерекшеліктері қарастырылды.
Теориялық бөлімнен кейін тәжірибелік жаттығу ұйымдастырылып, қызметкерлер пистолетті құрастыру және бөлшектеу процесін бақылап, өздері де сынап көрді. Әрбір қатысушы инспектордың жетекшілігімен қарумен қауіпсіз жұмыс істеу дағдыларын меңгерді.
Сабақтың соңында қызметкерлер алған білімдерін тәжірибе жүзінде пысықтап, қаруды дұрыс құрастыру және бөлшектеу бойынша машықтарын шыңдады. Бұл оқу-жаттығу олардың қарумен жұмыс істеу кезінде сенімділігін арттырып, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету қабілетін жетілдіруге көмектесті.