Павлодарлықтарды макияж жасау мен бет күтіміне үйрететін курс басталады
«Өзіңе визажист бол!» атты жаңа курста қала тұрғындары макияж жасау мен бет күтімінің қыр-сырын кәсіби мамандардан үйрене алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жастар бастамаларын дамыту орталығының баспасөз қызметінің мәліметінше, курс екі күн қатарынан 27 және 28 қаңтарда өтеді. 27 қаңтар күні сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін, ал 28 қаңтар күні 14:00-ден 17:00-ге дейін өтетін курсқа қатысушыларға визажист Гүлзада Құрамжанова мен косметолог Евгения Новоселова макияждың негізгі техникаларын, тері күтімін дұрыс жасау ережелерін және күнделікті макияж жасау әдісін үйретеді.
Курс барысында қатысушылар өз косметикасын ала келіп, бар құралдарымен жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.
Тіркелу үшін +7(707)665-58-03 WhatsApp нөмірі арқылы хабарласуға болады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, курс макияж жасау өнерін меңгергісі келетіндер үшін жақсы мүмкіндік болып табылады. Кез келген адам өз сұлулығын айқындап, жаңа дағдыларды үйрене алады.