Павлодарлықтарды Пасха рәсімінен кейін түнде үйлеріне жеткізу үшін автобус ұйымдастырылады
4-5 мамыр аралығындағы түнде қала ғибадатханаларында мерекеге арналған қызметтер басталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2024 жылдың 5 мамырында барлық православиялық сенушілер христиан дініндегі басты мереке болып табылатын Пасханы тойлайды. Бұл мерекені ел аузында «Мерекелер мерекесі» деп те атайды.
Пасха мерекесінің басталуына дейін оның алдында 48 күнге созылатын ұзақ православиялық ораза болады. Бұл күндері христиандар жануарлардан алынатын өнімдерді тұтынбайды, ойын-сауыққа қатыспайды. Мұндай шектеулердің мақсаты – рухани өсу, тазару, сондай-ақ, евхарист қасиетті рәсімінде Құдаймен жоғары байланысқа дайындалады. Әсіресе, соңғы аптада ораза қатаң сақталады.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар және Екібастұз епархиясы епархиялық басқармасының хатшысы Протоиерей Алексей Степанов Павлодар епархиясының барлық ғибадатханаларында осы күндері қасиетті аптаның ғибадат ету рәсімдері өтетінін айтты.
– Түн ортасында дәстүр бойынша 4-5 мамыр аралығында барлық ғибадатханаларда Пасха мерекесіне арналған қызметтер басталады. Қалыптасқан ғасырлық дәстүр бойынша ғибадатхананың жанында барлық рәсімдер жасалады. Пасха рәсімдерінен кейін түнде өз бетінше үйге жете алмайтындар үшін автобустар ұйымдастырылады. Түнгі сағат екіге дейін біздің үш ғибадатхананың жанында бір-бір автобустан тұрады, – деді Протоиерей Алексей Степанов.
Пасха рәсімдері аяқталғаннан кейін халықтық мереке басталады.
Айта кетейік, облыс аумағында бүгінгі таңда 107 мұсылмандар мешіті, 25 проваславиялық, сегіз котоликтік, 21 протестанттық бағыттағы шіркеулер бар.