Павлодарлықтарды шеге үстінде тұруға шақырады
Ерекше терапия күйзеліс пен қорқыныштан арылуға көмек етеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Jastar vibe» жобасы аясында 15 жылдық тәжірибесі бар дипломды психолог Екатерина Симоненкомен кездесу өтеді.
– Сіздер үшін шегеде тұру практикасы «Шаг на гвозди-шаг к мечте» өткізіледі. Кездесу тақырыбы: арман, мақсат және оған жету жолындағы табандылық. Шеге үстінде тұру — бұл физикалық сынақ қана емес, сонымен қатар ішкі ресурстарды ашу. Маман шеге ұшында тұрып, арманды нақты мақсатқа қалай айналдыру керектігін түсіндіреді,– дейді орталықта.
Қатысуға 8 (778) 679 2217 телефон нөмірі бойынша тек алдын ала жазылу арқылы болады. Шараға жазылу кезінде практикаға қарсы көрсетілімдер ұсынылады. Келген қонақтар үшін кофе-брейк пен фотоаймақ ұйымдастырылады. Шара 8 қараша күні сағат 17:00-де басталады.