Павлодарлықтарды туберкулезге қарсы тегін тексерілуге шақырады
Дүниежүзілік туберкулезбен күресу күніне орай облыс орталығында тұрғындар үшін медициналық мекеменің есігі айқара ашылмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
13 наурыз күні Ткачева көшесі, 16/1 мекенжайы бойынша орналасқан «Viamedis Pavlodar» емханасы «Ашық есік» күнін өткізеді. Сағат 8:30-дан 13:00-ге дейін қала тұрғындары мен қонақтары В 5 кабинетінде (сәулелік диагностика бөлімі) флюорографиялық тексеруден өте алады.
Медициналық мекеме әкімшілігі барлық ниет білдірушілерді қауіпті дерттің алдын алу және оны ерте сатыда анықтау үшін тексеруден өтуге шақыратынын жеткізді.