Павлодарлықтарды жасанды интеллектпен жұмыс істеуге үйретеді
Қатысушыларға контент жасау мен желіде белсенділікті арттыру жолдары айтылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Pavlodar Hub» өңірлік IT желісінің мәліметінше, 30 қаңтар күні сағат 17:00-де әлеуметтік желілерде жасанды интеллектті тиімді пайдалану бойынша шеберлік сағаты өтеді.
– Қатысушылар нейрожелілер көмегімен контентті оңай және сапалы жасау тәсілдерін, уақытты үнемдейтін тиімді ЖИ құралдарын, желіде белсенділікті арттыру және аудиториямен өзара әрекеттесу стратегияларын біледі, – делінген хабарламада.
Шараның спикері – SMM маманы Әлия Тұңғатова.
Аталмыш мастер-класс Генерал Дүйсенов көшесі. 80, 2-қабат мекенжайы бойынша ұйымдастырылады.