Павлодарлық балуан республикалық чемпионатта жүлдегер атанды
Ол күрестің ерекше түрімен айналысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қостанай облысында аударыспақ спорты бойынша ел біріншілігі ұйымдастырылды. Бұл чемпионатта Қазақстанның 15 облысынан 150-ден астам спортшы бақ сынады. Аймақтардан келген ат үстіндегі күрес шеберлері 9 салмақ бойынша күш сынасты: 42 , 48, 54, 59, 65, 71, 77, 82 және 82 келіден жоғары.
82 келіден жоғары салмақ дәрежесінде спортшымыз Дархан Есенгелі Павлодар облысының намысын қорғады. Нәтижесінде төрт кездесу өткізіп, чемпионаттың қола жүлдегері атанды.
Айта кету керек, жерлес спортшымыздың салмағында 20-ға жуық қарсыласы болған. Сонымен қатар жас спортшы чемпионатқа өз қаржысымен барып-келген.