Павлодарлық бишілер халықаралық фестивальде жеңіске жетті

Павлодарлық бишілер халықаралық фестивальде жеңіске жетті
Фото: Константин Шелков

Байқауға Қазақстанның барлық қалаларынан өнерпаздар қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ташкентте «ZHULDYZ ART Kazakhstan» халықаралық байқау-фестивалі өтті. Аталмыш іс-шарада Павлодар ауданының «Girlfriends» және «Айналайын» атты екі хореографиялық ұжымы жеңімпаз атанды.

«Girlfriends» командасының көркемдік жетекшісі Оксана Витковская өз шәкірттерінің қалай дайындалғаны туралы айтып берді.

– Біздің биіміз «бір кездері Африкада» деп аталады. Мен Африка прерияларының атмосферасы мен көңіл-күйін жеткізгім келді. Қыздар бимен бір жарым жылдан бері айналысады. Олардың барлығы орында отырмағандықтан, кейде маймылдар деп атаймын. Осылайша африкалық би идеясы туындады. Оларға жарасып кетті, – дейді мұғалім.

«Айналайын» үлкен және кіші тобының жетекшісі Әйгерім Сегізаева 5-9 жас аралығындағы кіші топ «стюардессалар» және қазақ биімен өнер көрсетсе, ал  12-13 жастағы жеткіншектер грузин және қазақ билерін орындағанын айтты.

– Мен «Стюардесса» би идеясы жайлы ұзақ ойландым. Бұл ұжымды екі жылға жуық басқарып келемін, – дейді Әйгерім.

Барлық балалар жігерленіп, толқып кетті. Себебі, бұл – медальдар, кубоктар жеңіп, құрметті дипломдар алған алғашқы ауқымды іс-шара.

«Girlfriends» ұжымында Афина Аграфенина, Валерия Бондаренко, Айша Валиева, Екатерина Гущина, Юлия Долгополова, Виктория Донева, Дильназ Жетпиз, Виолетта Никифорова, Дарья Стулова, Дарья Фесина, Карина Шеремет өнер көрсетті.

«Айналайын» кіші тобына Айара Акимжанова, Жания Алдажуманова, Ясмин Башенова, Азель Бейсембаева, Айым Болат, Жансая Дүйсен, Рамина Нұрғалиева, Нұрай Оспан , Альмира Төлеу және Ксения Ядренкина, ал үлкен топқа Айсұлу Ахмет, Әсия Бәкірова, Дияна Бейсембаева, Луиза Воронина, Жанель Молдашева, Аружан Нұрғалымова кіреді.