Павлодарлық боксшы халықаралық турнирде бірінші орынды иеленді

Павлодарлық боксшы халықаралық турнирде бірінші орынды иеленді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан келген 96 спортшы қатысып, өзара шеберлік байқасты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Көкшетауда КСРО спорт шебері Асқар Сатыбаевтың жүлдесіне арналған жастар арасындағы XVI халықаралық бокс турнирі өтті.

Бес күнге созылған дода барысында «Оқжетпес» спорт залында 86 кездесу өтті. Қазылар алқасының құрамына үш елдің білікті мамандары енді. Турнир жеңімпаздары салмақ дәрежелері бойынша анықталды. Павлодарлық спортшы Жанарбек Хуанышұлы 60 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.

Арнайы марапаттар да берілді. Турнирдің үздік боксшысы - көкшетаулық Әли Мереке, ал турнирдің үздік бапкері - Абзал Балтакискенов атанды.

Жалпы командалық есепте Қазақстан - 9 алтын, 9 күміс, 15 қола медаль, Өзбекстан - 1 алтын, 1 күміс, 2 қола, Тәжікстан - 1 күміс, 1 қола жеңіп алды.