10 наурызда Павлодар облысында бұрқасын күтіледі

Күндіз қар жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, дүйсенбіде күндіз сынап бағанасы -3...-8 °C-ты көрсетеді. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін соғады.
Павлодарда ауа температурасы күндіз -5...-7 °C болмақ. Қар жауып, бұрқасын күтіледі.