Павлодарлық орталық жағажайда сауда жасауға орын бөлу үшін конкурс жарияланды
Құжаттарды аптаның аяғына дейін қабылдайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің мәліметінше, уақыт өткізуге қолайлы жағдай жасау мақсатында орталықтандырылған сауда алаңы ұйымдастырылды.
– Стационарлық емес сауда нысандарын орналастыру үшін орын бөлу жөніндегі конкурсқа қатысу үшін 17 маусым мен 21 маусым аралығында құжаттарды қабылдау басталды, – делінген хабарламада.
Оған конкурстық құжаттаманың талаптары мен шарттарына сәйкес өтінім берген кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Өтініш берілген сәтте ҚР заңнамасына сәйкес төленуге жататын салықтарды, алымдарды, өсімпұлдар мен санкцияларды төлеу бойынша орындалмаған міндеті бар кәсіпкерлік субъектілері қатыса алмайды. Қажетті құжаттар тізімі:
- белгіленген үлгідегі өтініш;
- субъектіні дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәлік;
- өтініш берушінің жеке куәлігі;
- Павлодар қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасынан салықтар және бюджетке аударымдар бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтама;
- санитарлық кітапша.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер Кривенко көшесі, 25 мекенжайындағы 722 кабинетке өтінім қалдыруға болады. Анықтама үшін 32-07-30 телефоны жұмыс істейді.