Павлодарлықтар чек ұсынып, бағалы сыйлық ала алады

Облыста 2025 жылдың 10 ақпанынан бастап «Чек талап ет – жүлде ұтып ал!» акциясы өткізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмысы және байланыс-орталығы басқармасының мәліметінше, науқан ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.
Акцияны өткізу кезеңінде облысымыздың әрбір тұрғыны кез келген сатып алу немесе ақылы қызмет алу арқылы бағалы сыйлықтың иегері болуға мүмкіндік алады.
– Ол үшін тауарларды сатып алу немесе ақылы қызметтерді, фискалдық чекті алу қажет. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына тегі, аты және әкесінің аты, телефон нөмірін көрсетіп, чекты ұсыну және белгіленген лототронға түсіру керек. Фискалдық чек берілмеген жағдайда e-Otinish порталы арқылы растайтын құжаттарды міндетті түрде қоса бере отырып, өтініш жолдау қажет, – дейді ұйымдастырушылар.
Ұтыс ойыны ай сайын келесі тәртіппен өткізіледі:
1. Ай сайынғы негізде чектерді қабылдау:
- 10 ақпаннан 28 ақпанға дейін;
- 1 наурыздан 31 наурызға дейін;
- 1 сәуірден 30 сәуірге дейін;
- 1 мамырдан 31 мамырға дейін;
- 1 маусымнан 30 маусымға дейін;
- 1 шілдеден 31 шілдеге дейін;
- 1 тамыздан 31 тамызға дейін;
- 1 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін;
- 1 қазаннан 31 қазанға дейін;
- 1 қарашадан 30 қарашаға дейін;
- 1 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін.
Есепті айдан кейінгі айдың 1-інен 7-сіне дейінгі күні аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында чектер тізілімі жасалады. Жүлделер ұтысына деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының чектері қатысады. Жеңімпаздар мемлекеттік кірістер басқармасы өткізген ұтыс ойыны кезінде лототроннан фискалдық чектерді кездейсоқ таңдау әдісімен анықталады.
Жеңімпаздар тізімі мемлекеттік кірістер департаментінің ресми сайтында және Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшаларында жарияланады.
Науқанға қатысатын чектер саны шектелмеген. Науқан қорытындысы бойынша ең көп чектер ұсынған ең белсенді салық төлеуші де анықталады.
Қосымша ақпарат алу үшін телефон нөмірлері: 8 (7182) 32-13-61, 32-16-31.