Мектепте мина: Павлодарда оқушылар эвакуацияланды

Белгісіз адам мектептің біріне қоңырау шалып, жарылғыш заттың қойылғанын айтқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, бомба салынғаны туралы алғашқы қоңырау № 39 мектепке сағат 10:45-те түсті. Оқу орнының директорының айтуынша, белгісіз адам қоңырау шалып, мектеп толығымен миналанған деп хабарлады және балаларды эвакуациялауға 20 минут уақыт берді.
Алгоритмге сәйкес қауіпті болуы мүмкін қоңырау туралы бірден «102»-ге хабарланды.
– Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мектепке келіп, оқушыларды эвакуациялай бастады. Кейін А. Шәмкенов мектеп-лицейге, № 6, 29, 17, 18 мектептерге де қоңырау түсті. Барлық мектептер балаларды эвакуациялауға және ауа райын ескере отырып, оларды қашықтықтан оқыту форматына ауыстыру туралы нұсқау алды, – деді басқармада.
Аталмыш оқу орындары бұл жағдайды айту үшін «102» нөмірі бойынша дереу хабарлады. Мәселе Павлодар облысы білім басқармасының бақылауында.