Павлодарлық пауэрлифтер қыз Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

Павлодарлық пауэрлифтер қыз Азия чемпионатының жеңімпазы атанды
Фото: pexels.com

Спортшының келесі сайысы күзде өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Торайғыров университетінің студенті Дильназ Мерғалиева Алматы қаласында өткен пауэрлифтингтен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Оның үшсайыстағы нәтижесі 200 кг құрады, бұл университет студенттеріне спортпен шұғылдану үшін жақсы үлгі болып табылады.

Спортшы пауэрлифтинг бойынша жарыстарға одан әрі қатысуды жоспарлап отырғанын, келесі сайыс Алматыда қазан айына жоспарланған. 

Қазіргі уақытта ол заң мамандығы бойынша үшінші курсқа көшеді.