Павлодарда екі көлік жанып кетті
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 маусымда сағат 04.33-те «101» пультіне Торговая көшесінде орналасқан ТҚО боксы жанып жатқандығы туралы хабарлама түскен.
– Өрт сөндірушілер бір қабатты бокстағы екі автокөлік пен ауданы 150 шаршы метр аумақта жабдықтар мен саймандардың жанғанын анықтады, – деді департаментте.
Оқиға орнында облыстық ведомстводан бес техника және жеке құрамнан 19 адам жұмыс істеді.
Тілсіз жау сағат 04.52-де оқшауланып, 05.02-де жойылды. Өрттің шығу себебі анықталуда.