Павлодарда тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі талқыланды
Полицейлер жастармен заң және құқық жайлы пікір алмасты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Парламент Мәжілісі депутаттарының әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заң жобалары» іс-шарасы өтті.
Павлодар қаласы полиция басқармасы полиция майоры Бақытжан Тұрсаринова жастарға тұрмыстық зорлық-зомбылық-барлық жастағы адамдарға әсер ететін күрделі мәселе болып табылатынын айтты.
– Жәбірленушілер жиі қорқыныш пен ұятты сезінеді, бұл олардың көмек сұрауына кедергі келтіреді. Оларды қолдау және уақытында көмек қолын созу маңызды, – деді Бақытжан Тұрсаринова.
Полицей егер зорлық-зомбылықтың құрбаны не куәсі болсаңыз, міндетті түрде құқық органдарына хабарлап, көмек сұрау маңызды екенін еске салады.