Асайын Байханов көктемге дейін шыбын-шіркейге қарсы дайындық жұмыстарын жасауды тапсырды
Бүгін облыстық әкімдікте алдағы болатын шыбын-шіркейлерге қарсы күрес бойынша жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өзінің Instagram парақшасында жазды.
- Егер билік алдын ала, тіпті, көктемге дейін дезинсекцияға дайындық жұмыстарын жасамаса, онда павлодарлықтарды жаз бойы шіркейлер мен масалар шағып, зардабын тартады. Бүгін алдағы болатын шыбын-шіркейлерге қарсы күрес бойынша жұмыс кеңесін өткіздім. Өңдеу жоспары дайын, бюджет ұлғайтылды, өткен жылы жіберілген қателіктер ескерілді, авиация тартылды, - деп жазды аймақ басшысы.
Жиында Асайын Байханов Ертістегі су қоймаларынан су жіберілуіне қарамастан, сәуір айының екінші онкүндігінен саяжай учаскелерінде және Павлодардың көпқабатты үйлерінің жертөлелерінде жиналатын суларды өңдеуді бастауды тапсырды.
- Облыстық басқармалардың басшыларына, ғылыми топқа және мердігерлерге егер олар осы маусымда облыс тұрғындарын сәтсіздікке ұшыратса, мен өзім олардың мазаларын кетіремін деп ескерттім, - деп қорытындылады жазбасын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram