Павлодар облысында республикалық манызы бар жолдар жабылды

Павлодар облысында республикалық манызы бар жолдар жабылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Құтқарушылар дауыл туралы ескерту алған кезде сапарды кейінге қалдыруды және ауа райының жақсаруын күтуді сұрайды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарағанды және Ақмола облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты Қызылорда-Павлодар республикалық манызы бар автожолдың Шідерті кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейін учаскесінде (1206-1135 ш) және Астана-Ерейментау-Шідерті республикалық манызы бар автожолдың Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін учаскесінде (205-259 ш) көліктің барлық түрлері үшін жол жабық.

– Бұрқасын жағдайында жол-көлік қозғалысы қиындап, көріну нашарлайды. Алыс жолға шықпас бұрын «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы жоспарлаған бағыттағы жолдың ашық екеніне көз жеткізу керек. Сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде және шұғыл көмек көрсету қажет болған жағдайда құтқару қызметіне 112 нөмірі бойынша қоңырау шалу қажет, – дейді департаментте.

Қазгидромет филиалының ақпараты бойынша 30 желтоқсанда Павлодар облысының солтүстігінде,  шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі.