Павлодарлық жас спортшы Тайландта өткен әлем чемпионатында муай-тайдан жүлдемен оралды

Павлодарлық жас спортшы Тайландта өткен әлем чемпионатында муай-тайдан жүлдемен оралды

Бұл оның әлем чемпионатындағы екінші жеңісі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Марғұлан университетінің өнер және спорт жоғары мектебінің ДШжС-18 тобының студенті Диас Жаманбай Тайландтың Бангкок қаласында өткен муай-тайдан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

- Муай-тайдан XVIII әлем чемпионатына 26 түрлі елден 300-ден астам спортшы қатысты. Диас 16-18 жас аралығындағы спортшылар арасында 63 келі салмақта сынға түсті. Финалдық жекпе-жекте Диас өзінен әлдеқайда ірі, физикалық жағынан басым қырғыз спортшысымен жұдырықтасты. Тартысты жекпе-жектің нәтижесінде Диас қарсыласынан «2:1» есебімен жеңіліп қалды, - делінген хабарламада.

Диас Жаманбай – жастар арасында Павлодар облысының екі дүркін чемпионы. Ерлер арасында облыстың екі дүркін чемпионы, муай-тайдан Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы. Әлем чемпионатында ол екінші рет өнер көрсетті. Өткен жылы Паттайяда өткен муай-тайдан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған.

Спортшыны Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Павлодар облысының муай-тай федерациясының президенті Смағұлов Марат Сағындықұлы дайындады.