Павлодарда тоғызқұмалақ пен шахматтан кіл мықтылар анықталды

Павлодарда тоғызқұмалақ пен шахматтан кіл мықтылар анықталды
Фото:Шахмат үйі

Жарыстар «Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Шахмат үйінде» 5-6 және 7-8-сынып оқушылары арасында зияткерлік және ұлттық спорт түрлері бойынша «Ұлттық мектеп лигасы» облыстық бағдарламасы аясында тоғызқұмалақ пен шахматтан облыстық жарыстар өтті. Тоғызқұмалақтан жарысқа 26 команда, шахматтан жарысқа 26 команда қатысты. Барлығы 208 оқушы бақ сынады.

Жарыс нәтижелері бойынша, тоғызқұмалақтан 5-6-сынып оқушылары арасында үшінші орынды Аққулы ауданының Әйтей ауылының орта мектебінің командасы алса, екінші орынды Екібастұз қаласы «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейі иеленді. Бірінші орын Екібастұз қаласының командасына бұйырды.

Тоғызқұмалақтан 7-8-сынып оқушылары арасында өткен жарыста үшінші орын Дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатына берілді. Екінші орын Ақсу қаласы Абай атындағы мектепке бұйырса, бірінші орынға Аққулы ауданының Потанин мектебінің командасы ие болды.

Шахматтан 5-6-сынып оқушылары арасында үшінші орынды Павлодар ауданының Чернорец № 1 мектебі, екінші орынды Павлодар қаласы № 41 мектебі, бірінші орынды дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицей командасы иеленді.

 7-8-сынып аралығында өткен жарыста үшінші орын Павлодар ауданының Ефремов мектебіне, екінші орын Екібастұз қаласы № 9 мектебіне және бірінші орын Павлодар қаласы № 41 мектебіне лайық деп танылды.