Павлодарлық тоғызқұмалақшылар халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды

Павлодарлық тоғызқұмалақшылар халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды

Қызылорда қаласында тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының тоғызқұмалақ федерациясының мәліметінше, турнир мемлекет жане қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған. 

Павлодарлық тоғызқұмалақшылар қоржынға 1 алтын, 2 қола медаль салды. 

13 жасқа дейінгі ұлдар арасында Азамат Халел алтын медаль жеңіп алды. 

Ал, ересектерден ерлер арасында Алмаз Серіков пен әйелдер арасында Жамиля Баилдяшева қола медаль иегерлері атанды. 

Айта кетейік, бес күнге жалғасқан турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия елдерінен 274 спортшы катысты.

Фото: Павлодар облысының тоғызқұмалақ федерациясы