Павлодарлық жас домбырашылар халықаралық байқауда топ жарды
Байқау Естай атындағы мәдениет сарайында өткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласының экологиялық бағыттағы № 36 жалпы орта білім беру бейіндік мектебінің «Көңіл ашар» домбырашылар ансамблі «Жаңа жылдық дүрбелең» халықаралық фестиваль-байқауында үздік атанды.
Құрамында 5-7 сынып оқушылары, Тамерлан Сүлейменов, Сабина Сүлейменова, Әмір Сәпенов, Айлана Тасыбаева, Злата Гах, Николай Рябов, Санжар Назымбек бар жас домбырашылар ансамблі гран-при жүлдесінің иегері атанды. Байқауды Павлодар қаласының «Dionis» эстрадалық-вокалдық студиясы ұйымдастырды.
– Домбыра бұл - жай ғана әдемі көп қырлы дыбысы бар қызықты аспап емес. Домбыраны бар жан-тәніңмен сезіну керексің,– дейді ансамбль мүшесі Злата Гах.
Мектепте музыкалық аспаптармен жабдықталған домбыра кабинеті бар. 2019 жылы домбырашылар ансамблі құрылды. Домбыра үйірмесінің жетекшісі, әрі мұғалім-зерттеуші Динара Ермекбаева облыстық және халықаралық домбырашылар байқауларының лауреаты. Ол «Жаңа жылдық дүрбелең» фестиваль-байқауында «Алтын жетекші» атағына ие болды. Оқушылармен жұмыс істеген бір жылдан аз уақыт ішінде оларға домбырада ойнаудың кәсіби дағдыларын бере алды және жақсы нәтижелерге қол жеткізді.
Ансамбльдегі 15 оқушы әрдайым түрлі байқауларға қатысып жүреді. Олардың репертуарында «Нарағачи», «Жастар биі», «Тепенкөк» халық күйлері бар.
Шығармаларды таңдай отырып, ансамбль ұжымы Қазақстанның мәдени мұрасын, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін, салт-дәстүрлерін жалғастыруды насихаттайды.