Павлодарлық жасөспірімдер жеке төлқұжатын қалай ала алады

Павлодарлық жасөспірімдер жеке төлқұжатын қалай ала алады
Фото ашық дереккөзден

Ол үшін кәмелетке толмаған бала заңды өкілдерінің бірімен ХҚКО-ға барса болғаны, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті 16 жасқа толған әрбір азаматтың жеке куәлігі болуы міндетті екенін еске салады.

- Ол үшін кәмелетке толмаған бала ата-анасының немесе заңды өкілдерінің бірімен тіркеу орны бойынша ХҚКО-ға келіп, электрондық кезек талонын алуы қажет. Маман құжатты дайындауға өтінімді ресімдейді, бұл ретте төлем жергілікті жерде Kaspi QR арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік баж 0,2 АЕК немесе бүгінгі күні 690 теңгені құрайды, - делінген хабарламада.

Дайын жеке куәлікті ХҚКО-ға беру секторынан 15 жұмыс күнінен кейін алуға болады.

Ал жеке куәлікті уақтылы алмаған яғни 1 айдан астам уақытты өткізіп алған ата-аналар 7 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалауы мүмкін.