Павлодарлық жағажайда шезлонгтарды аударып кеткен бұзақылар анықталды
Олар Әзірбайжан Республикасының азаматтары екені белгілі болды, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Рolisia.kz ақпараттық медиа-порталының мәліметінше, тәртіп сақшылары 16 тамыз күні Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған бейнежазба бойынша тексеріс жүргізген.
– Тәртіп сақшылары бұл адамдар Әзірбайжан Республикасының азаматтары екенін анықтады. 26 жастағы жігіт жағажайдағы шезлонгтарды аударып жатқаны белгілі болды, – деп жазылған хабарламада.
Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылды және Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотына жіберілді.
Полицейлер қалалық абаттандыру нысандарына ұқыпты қарау жөнінде еске салады.