Павлодарлық жеңіл атлеттер Қазақстан чемпионатынан жүлделі орындарды иеленді

Павлодарлық жеңіл атлеттер Қазақстан чемпионатынан жүлделі орындарды иеленді
Фото: pexels.com

Турнирге тек жасөспірімдер қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Алматыда жеңіл атлетикадан 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Жарыста Павлодар облысының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары жоғары дайындық пен спорттық шеберлік танытып, сәтті өнер көрсетті.

Чемпионат қорытындысы бойынша павлодарлық Мария Шувалова, Евгения Слепченко және Полина Карел 4х100 метрлік эстафетада екінші орынды иеленді. Олар 4х400 метрлік эстафетада да командаға «күміс» әкелді. Полина Карел 200 метрге жүгіруде екінші орын алды. Ал Евгения Слепченко 100 метр қашықтыққа жүгіріп, команда қоржынына алтын медаль салды.

Жас спортшыларды жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары дайындады.