Павлодарлық ғалымдар мен педагогтар шахмат тақтасында тартысады
Олар Senat Open іріктеу турниріне қатысуға шақырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстан шахмат федерациясының өңірлік филиалының атқарушы директоры Арыстан Қапаев ғылым және білім беру саласының мамандарын жылдам шахмат ойнауға шақырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Турнир форматы тоғыз тур, 10+5, швейцариялық жүйе. Жарыс 24 қаңтарда сағат 10.00-де басталады. Өткізілу орны - Шахмат үйі.
Senat Open - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты ұйымдастыратын ауқымды шахмат турнирі, оны Қазақстан шахмат федерациясы (KazChess), облыстық мәслихат және облыстық дене шынықтыру және спорт департаментінің қолдауымен өткізеді.
Турнир 28 тамызда Астанада өтетін керемет финалмен аяқталады.